«VezneSİZ» программасы – пациенттерді қабылдау кезінде жүктемені азайту, пациенттің қолындағы карточка немесе сызықша-код арқылы кезекке тіркеуді қамтамасыз ету үшін жетілдірілген программа болып табылады. Мекеме басшылығының таңдауы бойынша, мекеме кіреберісінде карточка немесе сызықша-код оқитын аспап және керекті программа орнату арқылы (әр пациенттің мәліметі арнайы карточка немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы жүйеге енгізіледі) карточкалық немесе сызықша-код жүйесі іске қосылады. Пациент мекемеге келген кезде арнайы карточка немесе ЖСН арқылы жәйеге кіреді. Кіргеннен кейін оның кезектегі орны және дәрігерге керекті мәліметтер мекеменің жүйесіне жіберіледі.
« Кассасыз» программасы арқылы келесі қолайлықтар мен мақсаттарға қол жеткізуге болады:
Кез келген поликлиникаға Касса мүмкіншілігін береді. Бұл программа Касса қызметін атқарғандықтан бұл атқарыммен шұғылданатын қызметкерлердің қолын босатады.
1. Программа қолданыста өте қарапайым болады. Кезекте күту, анализ нәтижелерін күту әр түрлі бейнелермен көрсетілген. Қолдануға өте бейімді.
2. Магниттік немесе чипті карточкаларды шығаруды талап етпейді. «VezneSİZ жүйесінде» жасалатын сызықша-кодтар және карточкалар осы жүйені қолданатын бүкіл ауруханаларда және поликлиникаларда қолданыла алады.
3. Мекемеге келетін пациенттердің жазылуы «Кассасыз жүйесі» интернет, SMS, телефонжәне т.б. жазылу функциялары арқылы орындалатындықтан, бұл жөнінде қызметкерлердің жұмысы жеңілдейді.
4. Мысалы, дәрігерге тек қана анализ нәтижесін көрсететін пациенттің кабинетке кірмеуіне болады, себебі дәрігер «VezneSİZ жүйесі» арқылы оңайша оның кезекте тұрғанын көреді. Сондықтан, сол кезде дәрігерде қаралып отырған пациент мазасызданбайды.
5. Ал егер мекемеде сандық бой мен салмақ өлшеуіш, сандық тонометр және инфрақызыл термометр бар болса, пациенттің сызықша-коды немесе дербес карточкасы арқылы өлшенетін параметрлер автоматты түрде пациенттің жүйедегі медициналықкарточкасына енгізіледі, осылайша мекеме қызметкерлерінің уақыт үнемдеуі қамтамасыз етіледі. Кейінен, пациенттің дәрігері жүйеде сақталған пациенттің бойы, салмағы, қан қысымы мен температуралық параметрлерді бұрынғы деректермен салыстыра алады. Жүйеге алдын-ала критикалық параметрлерді беруге болатындықтан, пациенттің параметрлері критикалық мәнге жақындағанда жүйе ескерту береді.
6. Поликлиника кіреберісіне қондырылатын «VezneSİZ жүйесінің» терминалдары ақпарат беру және хабарландыру функцияларын атқарады.
7. Жүйеде электрондық шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұйымдастыруға болады.