«Қан алу мәлімет жүйесі» -қабылдау бөлмесінде немесе жататын пациенттерден қан алуды, қан алу уақытын,қанды қай қызметкердің алғанын және т.б. мәліметтерді сақтайтын, сондай-ақ пациеттерді электрондық кезекке кіргізетін жүйе болып табылады. Бұл жүйеніекі түрде қолдануға болады:
1. Мекеменіңқан алу бөліміндегі кезекті, уақытты және істейтін қызметкерді жазып қоятын жүйе.
2. Кейінен поликлиникаларда қолдану үшін ауруханаға жатқызылған пациенттерден қан алу уақытыжәне қан алатын қызметкердің мәліметін сызықша-кодты оқитын аспап арқылы жүйеге енгізіп сақтап қалатын жүйе.
Жүйелердің екеуі де «Аурухана ақпарат басқару жүйесімен» үйлесімді түрде жасайды.
Бүл жүйелердің мекемеге әкелетін артықшылықтары мынандай:
• Мекеменіңқан алу бөлімінде пациенттердің кезектері автоматты түрде «Аурухана ақпарат басқару жүйесінен» алынғандықтан, медбикелердің пациенттердің кезегіне араласуына керек болмайды.
• Қай қызметкердің қанды тез алатыны, қайсының жай алатыны да осылайша «Аурухана ақпарат басқару жүйесінің» үйлесімділігі арқасында білінеді.
• Қызметкердің жұмыс мөлшерін азайтып, уақыттың босқа кетуін болдырмайды.
• Қан алу ұзақтығы мен пациенттердің кезекте күту мерзімі туралы мәліметтер жүйеде көрінетіндіктен, әр қызметкердің тиімділігін бағалау мүмкіндігі туындайды.