Түркиядағы Отбасы медицина тәжірибесі негізінде ел азаматтары туралы медициналық мағлұмат жинау жатады. Бұл мағлұмат бір Денсаулық дерекқорға жиналып, елдің денсаулық саясатына қолдау болу үшін «Ақпараттық жүйе программалары» қолдануға алынды. Бұл мақсатта Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Элетрондық денсаулық мағлұмат сақтау дерекқоры» ұйымдастырылды, және бұл қорға мағлұмат жіберу үшін стандарттар жарияланды.
 
Енді бұл стандарттар жарияланғаннан кейін Денсаулық сақтау министрлігі жол көрсетуші ретінде «Отбасы медицинасы ақпараттық жүйесін» жетілдіріп, Отбасы дәрігерлеріне қолдану үшін берді де осылайша көшбасшылық міндетін атқарып отыр. Одан кейін «Отбасы медицинасы ақпараттық жүйелері» коммерциялық ұйымдар тарапынан нығайтылып, нарыққа шығарыла бастады.
 
Ал біз «Akgün Bilgisayar» фирмасы болып 2009-дың сәуірінде «АҚГҮН (AKGÜN)  AАҚЖ»программасын жетілдіре бастадық және бұл уақыт ішінде программаны бітіріп қолдануға дайындадық. АҚГҮН (AKGÜN) AАҚЖ программасының қасиеттерінің арасында оның қызмет көрсету жүйесі жағынан бәсекелестерге қарағанда әлдеғайда дамыған екені көрінеді, ал фирмамыздың терең тәжірибесі – біздің мақтанышымыз болып табылады. Бұл мақтаныштан күш пен қолдау алып, біздер ең әуелі қолданушыға қолайлы (userfriendly) бір программа жетілдіруді, қолданушы талаптарына қысқа мерзімде жауап беруді,Отбасылық медицина саласының дамуына және таралуына қолдау көрсетуді негізгі мақсат ұстандық.
 
Бүгін қолданылып жатқан АҚГҮН (AKGÜN) AАҚЖ программасы:
 
1. Түркияда қолданылған программалар арасында ORACLE дерекқорын қолданатын жалғыз программа болып табылады.
2. Программа ашылған кезде қолданушының кунделікті жұмыс бағдарламасын ашып береді және осы бағдарламаны дайындауда қолдау көрсетеді.
3. АҚГҮН (AKGÜN) AАҚЖ программасы ашылған кезде Отбасы дәрігеріне ескерту хабарламасы жіберіліп толтыруға жататын бос орындар еске түсіріледі.
4. Бұл программаны қолдану кезінде кісі мәзірден мәзірге, операциялардың біреуінен басқасына немесе дерекқорға шұғыл түрде өте алады..
5. Программа Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мақұлданған нысан, құжат пен тізімдерді дайындап беріп қолайлы жұмыс жасауды және уақытты үнемдеуді қамтамасыз етеді.
6. Программа Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мақұлданған нысан, құжат пен тізімдерден басқа Отбасы дәрігерінің жұмысы үшін керекті құжаттар мен анықтамаларды сақтай алады және притерден шығара алады.
7. Программада жазылған деректердің әрқайсысын кейінен есептеме ретінде шығаруға болады
8. Программада Денсаулық сақтау министрлігінің «Элетрондық денсаулық мағлұмат сақтау дерекқорына» қолайлы түрде мағлүмат жіберу үшін арнайы мәзір жетілдірілген.
9. Программада Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан белгіленген «Элетрондық денсаулық мағлұмат сөздігіне» мағлүмат жіберу үшін арнайы мәзір жетілдірілген.
 
Сіздің Отбасы дәрігеріңіз  жайында көрсетілген.
 
Отбасы дәрігерлері қауымдастықтар федерациясы (AHEF): http://www.ahef.org.tr/Anasayfa.aspx
 
Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің Отбасы дәрігерлік сайты:http://www.ailehekimligi.gov.tr/

Тауардар