Акгюн күн тәртібі
жаңалықтар
Түркияның Бірінші Қалалық Ауруханасындағы «AKGÜN» компаниясының қолтаңбасы .…
Түркияның Бірінші Қалалық Ауруханасындағы «AKGÜN» компаниясының қолтаңбасы .…
22 Қаңтар 2017 - Жексенбі
Ел президенті Реджеп Тайип Эрдоғанның «Менің 14 жылдық арманым» деп атаған алғашқы қалалық ауруханаларының бірі – Йозгат қалалық ауруханасы науқастарды қабылдауды бастап кетті.
Йозгат қалалық ауруханасы «PPP-Public Private Partnership» жобасының аясында және бүгінгі таңда Түркиядағы денсаулық сақтау саласындағы ең ірі бағдарламалардың бірі болып табылатын «Денсаулық сақтаудағы түрлену бағдарламалары» шеңберінде жүзеге асырылған, 475 орынға арналған қалалық ауруханалардың бірі болып табылады, онда 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап науқастарды қабылдау жүргізіле бастады.
113 орындық амбулаторлы емдеу бөлімшесі, 15 ота жасау бөлмесі, жедел жірдем көрсету бөлімшесі, интенсивті терапия бөлімшесі, ангиотерапия бөлімшесі, химиотерапия бөлімшесі, эндоскопия бөлімшесі, ядролық медицина бөлімі, физиотерапия және гемодиализ орталығы, радиология бөлімі, патология бөлімі бар Йозгат қалалық ауруханасы жуық арада толық қуаттылықта жұмыс істейтін болады, Йозгат провинциясы мен оның маңайындағы елді мекендердің денсаулық сақтау саласындағы талаптарына ең заманауи шарттарда жауап бере алатындай нысан болады.
«AKGÜN Yazılım» компаниясы Йозгат қалалық ауруханасын ақпараттық және басқару жүйесінің сервистік қызметі арқылы басқаратын болады. будет Біз, «AKGÜN Yazılım» компаниясы ретінде, біз өзіміздің шынайы әлем үшін өмірлік маңызға ие технологияларымызбен осы жобаға қатысамыз. Біз салып жатқан инфрақұрылымның арқасында ауруханалар, алдағы уақытта, сандық сәйкестілікке қол жеткізеді. Ауруханаларда жүргізілетін осындай сандық нысанға көшіру барысында науқастың денсаулығы туралы барлық ақпараттар дүрыс әрі толық жазыла алады және оны бір ғана тетікті басу арқылы алуға болады. Осылайша, науқастарға диагноз қою және оларды емдеу үрдісі жеделдеуімен қатар, медициналық қызметкерлердің өмірі біршама жеңілдей түседі