Акгюн күн тәртібі
жаңалықтар
Алғыс хат
Алғыс хат
13 Қаңтар 2016 - Сәрсенбі
Алғыс хаттар
«AKGÜN» компаниясының жаңашылдықтары мекемелерде …
“Біз, «AKGÜN» компаниялар тобы 2004 жылдан бастап, бүгінгі таңға дейін Элазыгтағы қызметімізді жалғастырып келеміз..
«Ауруханадағы ақпаратты басқару жүйесін» қамтамасыз етудің біріктірілген бағдарламасымен бірге Элазыг қоғамдық ауруханалары қауымдастығы аясында 2013 жылдың 1 наурызында іске қосылған штрихкодты сканерлеу арқылы медициналық тұтыным мен қойманы енгізу мен шығару үрдістері Түркия үшін үлгі аларлық жоба болды. Осы себепті де біз осы сертификат арқылы біздің фирмамызға заңды түрде берілген мақтан тұтарлық жетістігімізді қолдаймыз.
Компаниямызды алғыс хатпен марапаттаған Элазыг қоғамдық ауруханалар қауымдастығының Бас хатшысы хирург-дәрігер Латиф Юстнельге, Аурухананың ғылыми-зерттеу орталығының директоры, аса құрметті Салих Бурчун Кавакқа өзімнің және компаниямыздың атынан шексіз алғысымды білдіремін.
AKGÜN отбасының атынан өзімнің ізгі тілектерім мен сіздермен жұмыс істеуден алған ыстық ықыласымды жеткізгім келеді….
Алдағы уақытта да компаниямыз медициналық ақпараттандыру мен еліміз үшін көрсетілетін қызметтерді дамыту үшін қажетті
барлық шараларға қатысатын болады».
Басқарма Кеңесінің төрағасы
Темель Акгюн
«Алдыңғы қатарлы технологияларға ие біздің компаниямыз ішкі нарықта да, халықаралық деігейде де инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады».
«AKGÜN» компаниясымен бірге қосалқы қор мен штрихкодтар технологиясын басқару
Ауруханаларда аяқ астынан туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, сондай-ақ, медициналық тексеру мен емдеу шараларының үзіліссіз жүргізілуі үшін қолдағы барлық шығын материалдары қосалқы қор деп аталады. Қосалқы қор стационарлық материалдарға жатады және әлеуетті құндылықтың стационарлық көзі болып табылады. Ауруханаларда науқастарға диагноз өою мен оларды емдеудің негізгі элементтері адам күші мен материалдар болып табылады. Қосалқы қорды жақсылап ойластыра отырып басқарғанда ғана материалдық белсенділік болуы мүмкін.
Бағдарламалардың біршама кең көлеміне ие «AKGÜN» компаниясы Қосалқы қорды басқару қосымшасының көмегімен мыналарды ұсынады:
Қазіргідей бәсекелес ортада түпкі тұтынушыға өнім мен қызметті дер кезінде ұсына алатын кәсіпорын басқа компанияларға қарағанда стратегиялық басымдыққа ие болады. Аталған мекемелере ауруханалар болатын болса, бұл тіптен маңыздырақ сипат алады. Ауруханалар адам денсаулығы үшін өмірлік маңызға ие. Ауруханалар дегеніміз – жеделділік және науқастарды емдеудің бұлтартпаушылығы мен стационарлық қызмет көрсету тұрғысынан алғанда 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдар. Міне, осы себепті, ауруханаларда қызмет көрсетуді үзбей, жалғастырып отыру үшін дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар мен басқа да көмекші материалдар әрдайым жеткілікті көлемде сақталуы тиіс. Барлық сектордағыдай, денсаулық сақтау секторында да бәсекелестік күрделі міндет болып табылады және кірістерді, үрдістер мен нәтижелерді тұрақты түрде тексеріп отыру аса маңызды, ал оңтайлы нәтижеге мейлінше сәйкес келетін минималды шығындардың көмегімен қол жеткізуге болады.
Аурухананы басқаруға келетін болсақ, қосалқы қорды басқару материалдарды тікелей басқару деген сөз, «AKGÜN» компаниясы біздің мекемелерімізге керек кезде, қажет болған уақытта және қажетті баға мен көлемде тиісті материалдарды жөнелту мүмкіндігін ұсынады.