Акгюн күн тәртібі
жаңалықтар
«АKGÜN» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ …
«АKGÜN» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ …
16 Мамыр 2016 - Дүйсенбі
«AKGÜN» КОМПАНИЯСЫНЫҢ Басқарма кеңесінің төрағасы Темель Акгюн өзінің баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында: «Ғылыми зерттемелер мен әзірлемелер орталықтарына бөлетін қызығушылығымыз біздің өнімдеріміз бен жоғарғы технологиялармен қоса алғанда маңызды факторлардың бірі болып табылады, бұл «AKGÜN» компаниясының Түркиядағы үлкен жетістігінің күші болып табылады»,- деді.
Әлемдік аренада өздері қол жеткізгеніндей, Түркияда да жылдам әрі қарқынды өсуге қол жеткізу үшін жаңа өнім топтарына баса назар аударатындықтарын мәлімдеді Акгюн. Сонымен қатар, 2016 жылдың өздері үшін табысты жыл болатынын, сондықтан да бір-біріне иық тіресе, тығыз жұмыс істейтіндіктерін айтып өтті.
«Сіздің сатылымдарыңызды өзіміздің инновациялық, жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнімдерімізбен қолдайтын боламыз. Біздің корпоративті мәдениетіміз – біздің адами ресурсымыз, ал сіздер – біздің ең үлкен сенімімізсіз»,- деп мәлімдеді Акгюн.
2015 жылдың AKGÜN компаниясы үшін елеулі өзгерістер жылы болғанын айтумен қатар, ол бұдан да жақсыға қол жеткізу үшін өзгеруге бағытталған радикалды инновациялық шаралар туралы әрдайым айтып өтеді.
AKGÜN-ДЕГІ ЕҢ ІРІ ЕКІ ЖОБА
Компьютерлік диагностика
Бұл не?
Компьютерлік диагностика – сандық нысандағы радиографиялық кескіндерді, кескіндердің өңделуі мен жасанды интеллект тәсілдерін қолдану арқылы радиолог үшін нақты салаларды (мақсатты диагноздар мен патологиялар) анықтайтын жүйе.
Компьютерлік диагностика – қызығушылық туғызатын аумақтарды, ауытқушылық нәтижелерін, автоматты және жартылай автоматты сандық өлшемдерді белгілейтін, түптеп келгенде, қатерлі ісік жайғдайларын көптеп анықтауға көмектесетін, радиолог үшін «емлелік қатені тексеру» десек болғандай.
Өкпенің рентген кескінінің зерттеу барысында радиологтардың баламалы көзқарасын қамтамасыз ететін конкрецияларды анықтаудың автоматты жүйесінің арқасында Олардың көмегі арқылы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, қатерлі ісік жағдайларын көптеп анықтауға, ауытқушылықтарды анықтаға, өкпе рентген кескіні бойынша нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Бұл ретте біз «АKGÜN Software»компаниясының атынан, Ғылыми-техникалық зерттеу жөніндегі Түркия Кеңесінің (TUBITAK) қолдауымен өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау турасындағы жобамызды жүзеге асырдық.
СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ КЕЗІНДЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДЫ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ (MKKDS)
SANTEZ және Ғылым, өндіріс және технологиялар министрлігіның қолдауымен әзірленген сүт бездерінің қатерлі ісігі шешімін қабылдаудың зияткерлік жүйесімен маммографиялардағы тығыздалулар мен микрокальцификацияны бағалауға, қатерлілік / қатерсіздік ықтималдылығын бағалауға болады, бұл Түркиядағы компьютерлк диагностика саласында жаңалық болды.
Мақсаты