27 Сәуір 2016 - Сәрсенбі


IBM «AKGÜN» КОМПАНИЯСЫН 2016 ЖЫЛДАН БАСТАП МОБИЛЬДІ КӨШБАСШЫ ДЕП ТАНЫДЫ …

«AKGÜN Yazılım» компаниясы жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған, шешімдер бойынша көптеген серіктестер қатысатын, 2016 жылдың 17 наурызында болып өткен IBM бинес-серіктестер-2016 кездесуінде (IBM Business Partners 2016) “IBM 2015 Outstanding ISV Solutions” саласында әзірленген «AKGÜN мобильді клиникалық көмекші» жобасымен марапатқа ие болды.

AKGÜN мобильді клиникалық көмекші» өнімі мобильді технологиялар саласында технологиялық аспаптар санаты бойынша әлемдік технология өнімі ретінде халықаралық тұрғыдан мойындалып, Түркиямен қатар, бүкіл дүние жүзінде жаңа технологиялық өнімдердің арасынан орын тебуге лайықты деп танылды.

Марапаттау рәсіміне біздің компаниямыздың атынан Сату және маркетинг жөніндегі үйлестіруші Гёкмен Куввет пен Сапа мен әдіс-тәсілдерді дамыту жөніндегі үйлестіруші Зюлейха Акгюн қатысты.

«The Seed Venue» Сабанджи мұражайында өткен шарада 2015 жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған марапаттар табысталып, алдағы кезеңге арналған көзқарастар мен пікірлер айтылды. Watson-мен басталып, іскерлік әлемін өзгертетін 2016 жылдан бастау алған когнитивтік кезең ІВМ Түркия мен Шешімдер жөніндегі ІВМ серіктестер үшін жаңа бизнес-стратегиялар мен даму үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Аталған шараның ашылу салтанаты Елдер бойынша ІВМ директоры Изабель Кагигас Гоместің «Когнитивтік есептеулер мен олардың мәндері» туралы кіріспе сөзімен басталып, Жаһандыө ынтымақтастық елдерінің көшбасшысы Орал Тургай Тунташтың сөзімен жалғасын тапты.

Алдағы кезеңге деген көзқарастар анықталып, 2015 жылдың үздік жобалары марапатталған бұл салтанатты шара қонақтарды өзара бас қостырған жағымды коктейльге ұласты.

Біздің жобаларымызда бізге сенім артқан тұтынушыларымызға және біздің жобаларымыздың жүзеге асуына үлес қосқан демеушілерімізге, және де осы марапатқа лайық деп таныған ІВМ-ге өз алғысымызды білдіргіміз келеді. 

«AKGÜN мобильді клиникалық көмекшісі» дәрігерлер мен медбикелерге науқастарды емдеу тәжірибесі және денсаулық сақтау үрдісі тұрғысынан мобильді құрылғылар арқылы аспаптар мен қондырғыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін жүйе. Қосымшада тек қана планшет емес, телефонның әр бір өлшеміне арналған оңтайландырылған экран дизайны, сондай-ақ, медициналық қызметкерлер үшін ыңғайлы кеңістікті, эргономикалық құрылымды, қолдану тиімділігі мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мобильді тәжірибе де қарастырылған. «AKGÜN мобильді клиникалық көмекшісі» қосымшасы IOS, Android, Windows Phone сияқты түрлі платформаларға арналған. Платформа тарапынан ұсынылатын қосымшалар мен аспаптар медициналық ұйымдарға арналған Enterprise Mobile қосымшасын толық құру үшін біріктіріледі.

«AKGÜN мобильді клиникалық көмекшісі» қосымшасы кең ауқымды мақсатты аудиторияға арналған, соның ішінде, 2-ші және 3-ші деңгейлі денсаулық сақтау ұйымдарына және мемлекеттік ауруханалар қауымдастықтарына арналған. Әзірленген бұл жобаның маңызды ерекшеліктерінің бірі: «AKGÜN мобильді клиникалық көмекшісі» Қосымшасының көмегімен Аурухана ақпараттарын басқару жүйесінің тәуелсіздігі болып табылады және әр бір Аурухана ақпараттарын басқару жүйесімен бірігу мүмкіндігіне ие.