Акгюн күн тәртібі
жаңалықтар
HIMSS (Денсаулық сақтау ақпараты және басқару жүйесі қоғамы) Түркия 2015 EMRAM (Медициналық сандық тіркеу моделін қабылдау) ғылыми конференциясы мен жәрмеңкесінің негізін қалаушы AKGÜN
HIMSS (Денсаулық сақтау ақпараты және басқару жүйесі қоғамы) Түркия 2015 EMRAM (Медициналық сандық тіркеу моделін қабылдау) ғылыми конференциясы мен жәрмеңкесінің негізін қалаушы AKGÜN
1 Сәуір 2015 - Сәрсенбі
Денсаулық сақтау секторының жүрегі HIMSS 2015-те соқты…
Денсаулық сақтау министрлігі мен HIMSS тарапынан ұйымдастырылып отырған HIMSS Түркия 2015 EMRAM Ғылыми конференциясы мен жәрмеңкесі Анталья қаласында 20-21 наурыз аралығында өтті. Аталмыш іс-шараға арнайы қолдаушы ретінде өз үлесін қосқан, әрі тұтынушы ризалығы мен өнім сапасының төмендеуіне жол бермейтін Түркия және Дүниежүзілік нарықта беделді марка ретінде танылған AKGÜN маркасы жергілікті және шетелдік көптеген келушілер тарапынан үлкен ілтипатка ие болды.
Жәрмеңкеге келген қонақтарға AKGÜN маркасының құндылығы мен танымалдылығы жайлы мәліметтермен қатар, Aided компьютерлік диагностика жүйелері, Клиникалық мәлімет жүйелері, Радиологиялық шолу жүйелері, 3D шолу жүйелері, шешім қабылдауды қолдау жүйелері, мобильді қосымшалар мен денсаулық сақтау саласындағы қызмет сапасының жақсаруына ықпалын тигізетін басқа да қолданбалы жобалар ұсынылды.
Жәрмеңке барысында Денсаулық сақтау министрлігінің стендінде е-тамыр соғу жеке денсаулық тіркеу жүйесін, денсаулық сақтау саласында басқару жүйелерін, телемедицина, телерадиология, денсаулық сақтау саласында мәлімет желісі және дәрі-дәрмекті қадағалау желісі туалы мәлімет берілді.
Денсаулық сақтау секторында ақпараттандыру саласында жұмыс істейтін мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылған аталмыш іс-шараға жергілікті және шетелдік ақпараттандыру ұйымдары мен ауруханалардың қызығушылығы өте жоғары болды. Мемлекеттік және жеке секторлардың ортақ жобалары, денсаулық сақтау секторында ақпараттандыру және мобильді болу, жұмыла қызмет ұсыну стандарттары, науқастың белсенділігі, жеке тұлғаға бағытталған медицина, генетикалық ақпарат және науқастың сенімі секілді салалар конференцияның негізгі тақырыптары ретінде қаралды. Сонымен қатар, іс-шара барысында EMRAM 6-деңгейлі Сандық Аурухана бәйгесінің жүлдегерлері анықталып, ауруханаларға сыйлықтары табысталды.
Қағаз пайдаланбайтын ауруханаларды дамыту үшін HIMSS конференциясы үлкен мүмкіндік болды.
Конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген денсаулық сақтау министрінің орынбасары, доктор Шуаип Биринджи екі жылда үлкен іс-шаралардың атқарылғанын және соңғы он жылда денсаулық сақтау саласындағы технологиялардың айтарлықтай дамығандығын баса айтты. Биринджи мырза өз сөзінде: «Келесі HIMSS конференциясында бұдан да көп 6-деңгейдегі, тіпті 7-деңгейге қол жеткізген ауруханаларды да көре алатындығымызға сенімім мол», -деді.
Мемлекеттік ауруханалар Ассоцияциясының Президенті Зафер Чукурова мырза, HIMSS жүйесінің Туркиядағы Мемлекеттік ауруханалар Ассоцияциясының құрамына кіретін 696 аурухананың 200-інің жұмыс барысы тексеруден өткенін атап өтіп, «143 ауруханада жүзеге асырылған тексеру нәтижелері мен EMRAM бағалау қорытындылары анықталды.Бұдан кейінгі этапта 4 жылға шақтап дайындалған хаттамаға сай алғашқы тексеру нәтижелері негізінде жол картамыз белгіленеді»,-деп атап өтті. Чукурова мырза, сонымен қатар, аталмыш жүйенің «Ауруханаларға келген науқастардың медициналық карточкаларының сандық жүйе негізінде болуын, барлық дәрігерлердің жүйеге тіркелген осы мәліметтерге қол жетімділігінің арттырылуын, ауруханалардағы қолданыстағы барлық медициналық аппараттардан алынған сараптау нәтижелерінің аталмыш жүйеге енгізіліп, осы арқылы пайдаланушыларға, яғни науқастарға тікелей қол жетімділігін арттыруда» екендігіне баса назар аударды.
HIMSS төрағасы Х. Степан Лейбер өз сөзінде «Түркия мемлекеті денсаулық сақтау саласында информациялық технологияларды пайдалану мәселесі төңірегінде Еуропа елдері арасында көшбасшылық танытып отыр. Осы елдің аталмыш көшбасшылық әрекетін барша әлем елдеріне жариялау біздің міндетіміз. Түркия мемлекеті Еуропа елдері қатарында 6 және 7-деңгейдегі сандық аурухана секторында Испания мен Голландия елдерінен кейінгі мемлекет ретінде танылып отыр. Аталмыш осы жетістіктермен қатар, 6-деңгейдегі сандық аурухана мәртебесіне ие болған аурухана сандарының көп болуы Түркия мемлекетінің Еуропаның EMRAM стандарттары тұрғысынан алдыңғы қатарлы елдер арасында орын алуына негіз болып отыр. Осы іс-шараның атап өтілуі қарсаңында өз елін осынау биік жетістіктерге жетелеген азаматтармен бірге болғандығымды әрдайым мақтан тұтамын»,-деді.
Сандық ауруханалардың қатарын көбейту іс-шарасы аясындағы негізгі мақсатымыз – 7-деңгей!
Денсаулық сақтау министрлігі, HIMSS және жеке кәсіпкерлік салаларының жетекшілері, ғылыми қызметкерлер, информациялық технология мамандары мен өзге де айтулы мамандар тарапынан ұйымдастырылған конференцияда сөз алған AKGÜN Grup басқарма төрағасы Темел Акгюн мырза былай деді: «29 жыл денсаулық сақтау саласына маңызды өзгерісітер алып келген мекемеміз қазіргі таңда Түркияның денсаулық сақтау мекемелерінің 20%-ына жуығына өз қызметін ұсынып отыр. Біз осы саладағы қызметімізге алғаш бастаған кезімізде ауруханалардың ішкі және сыртқы қатынастарында баспа машинкалары пайдаланатын еді. Есеп-қисап құжаттары дайындалғанда қызметкерлердің саусақтары деформацияға ұшырап, соның салдарынан мекеменің есеп-қисап саласында айтарлықтай кемшін тұстар орын алып отырған. Толық автоматтандырылған жүйені пайдалана бастаған ауруханалардың компьютерлендірілуі арқасында есеп-қисап мәселесі түбегейлі өз шешімін тапты. Қазіргі таңда, Денсаулық министрлігі тарапынан құрылған е-тамыр соғу бағдарламасы арқылы науқастар өздері туралы мәліметтерді көре алады және қажетті мәліметтер HBYS (Аурухананың ақпараттық басқару жүйесі) автоматикасы бар мекемеміз тарапынан да жіберіліп отырады. Яғни, әлемдік деңгейде науқасқа қатысты мәліметтер қол жетімді болады. Сонымен қатар, осы негізде Түркияда ауруханалардың қызмет көрсету сапасын бақылау саласында шаралар атқарып отырған HIMSS мекемесінің қорытындылары негізінде EMRAM критерилері деңгейінде бағаланған соңғы жылдар төңірегінде 5, 2015-жылы 6 ауруханамыз 6-деңгейге қол жеткізіп отыр. Өткен жылы Ризе мемлекеттік ауруханасы мен Тиреболу мемлекеттік ауруханалары AKGÜN бағдарламалары негізінде 6-деңгей үшін аккредитацияланды. Осы шара аясында 6-деңгейге қол жеткізген ауруханалардың жетекшілері мен оның өзге де ерен еңбегі сіңген қызметкерлерін көпшілік алдында шын жүректен құттықтаймын және осы жетістіктерінің жалғаса беруіне тілектестігімді білдіремін.
AKGÜN мекемесімен тығыз байланыстағы ауруханалар HBYS бағдарламасын пайдаланады. Өзге де ауруханалар талпыныс білдірсе 6-деңгейге қол жеткізу үшін жұмыла қызмет атқаратындығымызға сендіре аламын. Мекемеміз өз ауруханаларымен қатар өзге де ауруханаларға қажетті қолдау көрсетуге әзір.
Ғылым, өнеркәсіп және технология министрлігі тарапынан куәлік берілген Анкара қаласында орналасқан мекемеміз әрі зерттеу және дамыту орталығы да болып табылады. Түркиядағы 164 зерттеу және дамыту орталықтарының бірі – AKGÜN мекемесі.
Мақсатымыз – ел азаматтарының өмір сүру стандарттарын жеңілдетіп, теңдесі жоқ жобаларға қол жеткізу. Қазіргі таңда, 12 зерттеу және дамыту жобалары төңірегінде жұмыс атқарудамыз. Атап өтер болсақ, осы жобалардың бірі өкпені X-ray шолу жүйесінде компьютерлік қолдау жобасы болып табылады.
Аталмыш жоба денсаулық сақтау саласындағы жаңа бір леп. Жоба рак ауруының анықталуындағы кемшін тұстарды жоюда компьютерлік бағдарлама қолдануға мүмкіндік беруде. Өкпе BDT деп аталатын зерттеу және дамыту жобамыз, назардан тыс қалған рак түйіндерін дәрігерлер мен онколог мамандардың назарына ұсына отырып, рак ауруларының асқынуының алдын ала отырып, нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Келесі бір жобамыз DICOM көкірек рак аурулары орын алған жағдайларда нақты шешімдер қабылдау жобасы арқылы көкірек рак ауруның алдын ала отырып науқастың өмірін ұзарту мәселесі қолға алынып отыр. Аталмыш жобамыз жақын күндерде нарыққа шығарылады.»
«Мекемеміз халықаралық деңгейде бәсекелестік стандарттарына сәйкес жұмыс базасы қалыптасқан, саяси тұрақтанған және білікті мамандары бар мекеме қатарында. Сонымен қатар, мекемеміздің әлем елдері арасында танымал бренд ретінде денсаулық сақтау саласында өзіндік орны бар».
Конференция соңында 2015 жылы тексеруден өткізілген және конференция жұмыстары аясында нәтижелері анықталған Түркиядағы қоғамдық ауруханалар арасынан 6 денсаулық сақтау мекемесінің халықаралық дәрежеде сандық аурухана 6-деңгейіне қол жеткізгені айтылып, мекеме жетекшілеріне салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Коференция қатысушылары естелікке фотосуретке түсірілгеннен кейін жәрмеңке аяқталды.