3 Қазан 2010 - Жексенбі


Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Акгюн Язылым компаниясының ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялардың рөлі» тақырыбында конференция болып өтті. Ақпараттық технологияларды ендіру туралы өткен конференцияда  Түркиядан, Денсаулық сақтау министрлігінен келген қонақтар, мемлекеттік және жеке ұйымдардың өкілдері, баспасөз өкілдері қатысты. Конференцияда электронды денсаулық сақтауды шешу, мәліметтерді жинақтау, ақпараттарды басқару, қолдау жүйесі шешімдерін қабылдау, ұлттық ақпараттық жүйелерді жасау, т.б. мәселелер талқыланды.

Конференцияда Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Эльсевер Агаев, Парламенттің денсаулық сақтау жөніндегі комитеті басшысы, доктор Джевдет Эрдёль, Әзірбайжанның Ұлттық мәжілісінің саяси комитетінің басшысы Хади Раджабли, Парламенттің денсаулық сақтау жөніндегі Комитетінің вице-президенті, доктор Кемаледдин Айдын, Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерді өңдеу департаментінің Президенті Хюлюр Унал, Әзірбайжан Сауықтыру және ақпараттық технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау және ғылыми әлеует бөлімі филиалының жетекшісі Исбендияр Алиева, Орталық кеден госпиталін жоспарлау және маркетинг директоры Айнур Аббасова, Түркияның Бакудегі елшілігінің әлеуметтік қауіпсіздігі кеңесшісі Мустафа Гюр қатысты.

Конференциядағы өзінің құттықтау сөзінде Денсаулық сақтау синистрінің орынбасары Эльсевер Агаев басқа салалардағы секілді денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып өтті. Халықтың денсаулығын сақтау, сапалы медициналық қызметтерді жақсарту және ұсыну аталған реформалардың басты бағыты болып табылады. Соңғы жылдары экономиканың дамуы денсаулық сақтау саласының дамуына оң әсерін тигізді, осы салада айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізілді. Соңғы бес жылдың өзінде-ақ Әзірбайжанда 300-ден астам медицина мекемесі қайта қалпына келтірілді.

Әзірбайжанның мемлекеттік электронды бағдарламасы аясында Денсаулықты бақылау Ұлттық орталығын құру мен жазба жұмыстарының түрлі электронды жүйелерін жасау мақсаты тұрды. Қазіргі таңда бұл орталық құрылып, 7 тіркеу жүйесі жұмыс істеуде. Жалпы алғанда қазіргі таңда денсаулыққа қатысты тоғыз мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылу үстінде. Келешекте барлық денсаулық сақтау мекемелерін электронды медициналық ақпарат жүйесімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Парламенттің денсаулық сақтау жөніндегі комитетінің төрағасы Джевдет Эрдёль денсаулық сақтау саласында қолданылатын ақпаратты технологиялардың жаңалықтарын ұсынды: «Мен Әзірбайжанның денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерін қанағат сезімімен бақылап отырамын». Соңғы жылдары Түркия да денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуде. Денсаулық сақтау саласындағы Реформалар бағдарламасы аясында ауруханаларда құрылымдық өзгерістер болып жатыр, тәжірибеге отбасылық медицина енгізілді, жалпыға ортақ медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді және ең бстысы жеке сәйкестендіру нөмірлерінің негізінде мәліметтер қоры жасалды. Джевдет Эрдёль Түркиядағы ұлттық мәліметтер қоры, телемедицинаның мүмкіндіктерін кеңейту, зерттеулер мен қолдану аясын кеңейту туралы айтып өтті.  «Денсаулық сақтау саласында, басқа да салалардағы сияқты дамудың қамтамасыз етілуі компьютердің көмегімен жүзеге асады».

Әзірбайжанның Ұлттық мәжілісінің саяси комитетінің басшысы Хади Раджабли конференцияның маңыздылығына тоқтала келе, денсаулық сақтау саласы Әзірбайжанның әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап көрсетті.

Хади Реджебли денсаулық сақтау саласына бөлінетін мемлекеттік бюджеттің үлесі күн сайын артып отырғанын және денсаулық сақтау мекемелерінде ақпараттық технологияларды қолдануды таратудың маңызы зор екендігін айтып өтті.

Парламенттің денсаулық сақтау жөніндегі Комитетінің Вице-президенті, доктор Кемаледдин Айдын өз сөзінде денсаулық сақтау саласындағы реформалар бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берумен қатар, Түркияның тәжірибесі туыс та дос Әзірбайжан елі үшін аса маңызды екендігін айтты. Ауруханалардың қосылуы, әлеуметтік сақтандыру жүйелері, алғашқы медициналық жәрдемді дамыту және оны жетілдіру туралы сөз қозғаған Айдын мырза: «Әзірбайжан аталған өзгерістер жолын Түркияға қарағанда тезірек жүріп өтеді. Зерттеулерден белгілі болғанындай, біздің бұл үмітіміз жуық арада жүзеге асады», деді.

АКГЮН компаниясының бас директоры Темель Акгюн компанияның қалыптасу тарихы, оның қызметі мен өнімдері туралы ақпарат берді. Қызметтері мен өнімдері туралы ақпарат бере отырып, Акгюн Язылым компаниясы ауруханалардың, зертханалардың, мұражайлық сандық жүйелер, мемлекеттік сектордағы адами ресурстарды ақпараттық басқару, денсаулық сақтаудың стоматологиялық ақпараттық жүйелері, денсаулық сақтау саласының және отбасылық медицинаның ақпараттық жүйелерін басқару, ақпараттық жүйе қызметтері, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдана отырып басқарудың ең жоғарғы деңгейде екендігін атап өтті.

Әзірбайжанның оңалту және ақпараттық технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау және ғылыми әлеуеті бөлімі филиалының жетекшісі Исбендияр Алиев ақпараттық технологияларды тарату үшін жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы айта кетті.

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің Мәліметтерді өңдеу департаментінің президенті Унал Хюлюр өз сөзінде Түркияның денсаулық сақтау және медицина саласына ақпараттық технологиялар жүйелерін енгізу жөніндегі тәжірибесі Әзірбайжанға үлгі болатындығын айтып кетті.

Акгюн Язылым компаниясының Жобаларды дамыту мен басқару бағдарламалары жөніндегі үйлестірушісі Ахмет Озчам «Электронды денсаулық сақтау бағдарламасының стандарттары мен қолданылуы тақырыбында дайындалған презентациясын ұсынды.

Түркияның Бакудегі елшілігінің әлеуметтік қауіпсіздігі кеңесшісі Мустафа Гюр Түркия мен Әзірбайжан ақпаратты өзара алмасу арқылы туындаған мәселелерді шешу оңай болатынын атап көрсетті.