Акгюн күн тәртібі
қызметі
Балық зияпаты
Балық зияпаты
11 Қараша 2013 - Дүйсенбі
АҚГҮН Груп үшін дәстүрге айналған балық асын беру салтанаты 2013 жылдың 9-шы Қараша күні барлық жұмысшыларға арнап тағы ұйымдастырылды. Анкарада суық түсе бастаған Қараша айында жұмысшылардың көңіл күйін көтеру мақсатымен Бағлыжаның таза, тыныш, тынықтырған ауасы аясында АҚГҮН Груп жұмысшылары және олардың отбасыларының қатысуымен өткізілді. Осы салтанатқа құрылтай кеңесінің төрағасы және барлық жұмысшылар отбасыларымен қатысты. Шара барысында құрылтай кеңесінің төрағасы барлық үстелдерге қатынасып әр жұмысшы және отбасы мүшелерімен шын жүректен әңгімелесіп, жақсы ниетпен әдемі көрініс жаратты.
Зияпатта Трабзондан арнайы алдырылған балықтарды (анчоус) маманды аспазшылар мангалда пісіріп, ащы көкөністермен бірге ұсынды. Ас беріліп жатқанда ашық кеңістікте Трабзонның жергілікті әуендері шырқалып, қатысушылар қош, көтерінкі көңіл күйде отырды.
Ұйымдастырылған осы балық зияпаты барлық жұмысшылардың ауызынан дәмі кетпес ләззат және естерінен кетпес ұмытылмас кезең қалдырғаны анық……